Қосшы қаласында көпқабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен 3 жасар бүлдіршін аман қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқыс оқиға 21 мамыр күні болған. Нұр-Сұлтан қаласының балалар ауруханасының нейрохирургия бөліміне жатқызылған бала 2019 жылы туған болып шықты. «Тексеріс барысында осы күні сағат күндізгі төрт шамасында үйде жалғыз қалған балақай ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Баланың анасы бұл кезде үйдің жанындағы азық-түлік дүкеніне шығып кеткені анықталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Тергеу амалдары барысында отбасының жағдайы жақсы, профилактика жүйесі органдарында есепте тұрмағаны белгілі болды. Отбасының екі баласы бар. Полиция басқа да себептер мен салдарды анықтап жатыр.
Ақмола облысы