Тоқаев 26 мамырда ресми сапармен Қырғызстанға барады
Тоқаев 26 мамырда ресми сапармен Қырғызстанға барады
176
оқылды
26 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Президент баспасөз қызметі Telegram парақшасында хабарлады.
"Екі мемлекет басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ. Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады", - делінген хабарламада.