Доллар тағы арзандады
Доллар тағы арзандады
© pixabay
228
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,23 тиынға арзандады. 1 доллар 424,84 теңге болды. Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 425,02 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,80 теңге, сатып алу – 429,08 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,18 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427 теңге.