Cарқанда қоқыстан мәйіті табылған 5 жасар қыздың анасы мен ағасы оны өлтіргендерін мойындады
Cарқанда қоқыстан мәйіті табылған 5 жасар қыздың анасы мен ағасы оны өлтіргендерін мойындады
© paryz.kz
203
оқылды
Алматы облысында 5 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 19 жастағы анасы мен оның ағасы қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz 17 мамырда Сарқан қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында 5 жасар қыз баланың мәйіті табылды. Көп ұзамай полиция баланың 19 жастағы анасын ұстады. Анасы қызының церебральды сал ауруымен ауырғанын  және туа біткен ақыл-ой кемістігі болғанын айтты. Сондай-ақ күдікті осы жылдың ақпан айында баласының ауырып, кенеттен көз жұмғанын, 21 жастағы ағасымен бірге қаланың шетіне алып барып, жерлегенін мәлімдеді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері баланың анасы мен оның ағасын бүлдіршіннің өліміне кінәлі деп тапты. Олар қызды тұншықтырып, денесін қаланың шетіндегі қоқысқа көміп тастағандарын мойындады. Баланы өлтіргені үшін күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, жиырма жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін (ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі). Бұдан бұрын Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың мәйіті қоқыстан табылғанын жазған болатынбыз.