Қостанайлық тұрғын 9 қабаттан секіріп кетпек болды
Қостанайлық тұрғын 9 қабаттан секіріп кетпек болды
171
оқылды
Лисаковск қаласында әйелімен ұрсысып қалған 30 жастағы ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болды.
"Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Андрей Грабар мен полиция лейтенанты Айбек Байсапақов бар 362 автопатруль келді. Полиция шатырға көтерілді, сол уақытта учаскелік полиция инспекторы Азат Нұрғалиев пен төтенше жағдайлар қызметі келді", - деді ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары 30 жастағы азаматпен келіссөз жүргізе отырып оны құтқарып қалды. Ер адамның өзін өлімге итермелеу себебі әйелімен болған ұрыс екені белгілі болды.