Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан 3 жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан 3 жүлде жеңіп алды
156
оқылды
Дзюдодан Қазақстан жастар қыздар құрама командасы Еуропа кубогынан үш медаль еншіледі, – деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Есмигуль Куюлова қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Карина Такиева күміс медаль алса, Аида Тойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.