Семейде 29 бас жылқыны жайлаудан ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Семейде 29 бас жылқыны жайлаудан ұрлап кеткен ер адам ұсталды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, жылқы ұрлаған ер адамды ұстады. «Ол Семейдегі шаруа қожалығының 42 жастағы иесіне тиесілі 29 бас жылқыны жайылымнан ұрлап әкеткен. Жәбірленушіге 8 100 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірді. Полицейлер 58 жастағы қала тұрғынын ұстап, изоляторға қамады», – деді полицейлер. ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін жалақысын бермей қойған жездесінің қошқарын ұрлап кеткен ер адам туралы жазған болатынбыз.