Депутаттар түлкібастық шаруалармен кездесті
Депутаттар түлкібастық шаруалармен кездесті
206
оқылды
Парламент Мәжілісінің депу­таттары, «AMANAT» пар­тия­­сы жаны­нан құ­рылған рес­публикалық штаб мүше­лері Дархан Мыңбайдың, Құдайберген Ержанның, Қайнар Абасовтың және Сырым Ер­таевтың Түркістан облысына жұмыс сапары жал­­ғасып жатыр. Түлкібас ауданы Мичурин ауыл­дық окру­гіне барған штаб мү­шелері аудандағы ша­руа­лармен және кәсіпкерлермен кездесті. Жиын­да жалпыхалықтық рефе­рен­думды өткізудің алғышарт­та­рын, ұсынылған рефор­малардың ерекшеліктерін, демократиялық түр­ленудің маңызын халыққа қа­ра­пайым әрі түсінікті тілмен жет­кізді. – Ықпалды Парламент ха­лық­пен жақын­дасудан басталады. Біз халықтың айтып отыр­ған пробле­маларын ортаға шығаруымыз ке­рек. Бүгін халықпен етене сөй­лесіп, 5 мау­сым­да өтетін референ­дум мәселесін пікір­лесуге келдік. Жалпы облыста халықпен кез­десу барысында көтерілген бірнеше мә­селелерді ерекше атап өтуге бо­лады. Соның ішінде әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі бар­лық жерде көтеріліп жатыр. Бұ­дан бөлек жайылым жер тап­шылығы, өнеркәсіп орын­дарын ашу, субсидия алу, агро банк құру төңі­регінде ұсыныстар айтылды. Жалпы, бұл ре­ферендум – шын мәнінде әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты, – деді Дархан Мыңбай. Кездесуде ауыл тұрғындары бел­­сенділік танытып, өздерін тол­ған­дырған сауалдарға жауап алды. Солардың бірі Түлкібас кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тоғысбаев ұсынысын халық қалаулыларына жеткізіп, жаңа өзгерістерге оң көзқарас танытып отырғанын білдірді. «Осыған дейінгі қолданыстағы Заңдағы 98 баптың 33-не өзгеріс енгізу жөніндегі мәтін­дермен тү­гел танысып шықтым. Әрине, өте құп­тарлық мәселе. Себебі біз бо­ла­шақта Жаңа Қазақстан үшін әділдік, ашықтық, демокра­тия­лық реформаларды қолдауымыз керек. Ол үшін алда болатын бүкілхалық­тық референ­думға барлық азамат­тарды, әсіресе жастардың қаты­суын сұраймын, – деді ауыл ақ­сақалы.

Түркістан облысы