Сыр елі референдумға қызу дайындалып жатыр
Сыр елі референдумға қызу дайындалып жатыр
162
оқылды
«AMANAT» партиясы жа­нын­­­дағы референдумды қол­­­дауға арналған респуб­ли­калық штабтың мүшелері, Пар­ламент Мәжілісінің де­пу­тат­тары Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл мен Ген­надий Шиповских бүгін Қызылорда қалалық партия филиалында партия активі­мен және ардагерлермен кездесті. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың сөзінше, Конститу­цияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға және аза­маттардың конституциялық құқық­тарын қорғауды күшейтуге кө­мек­теседі. Ал Геннадий Шипов­ский­дің айтуынша, бүкілхалықтық референдум мемлекет ісін халық­тың өзі айқындайтындай жағдайға жеткізу үшін жоспарланып отыр. Ғалым Әміреев референдумда болашақты айқындайтын дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылдантынын атап өтті. Сондай-ақ Парламент Мәжі­лісінің депутаттары Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Қы­зылорда қаласында түрлі кездесу өткізді. Азаматтарға жалпыхалық­тық референдумның маңызы мен Конституцияға енгізілетін өзге­ріс­­терді түсіндірді. Ал партияның облыстық шта­бының мүшелері өткен апта ішін­де «Жан-Арай» ЖШС, «Алтын Орда» құрылыс заттар маркеті, «Қы­зылорда электр тарату торап­тары компаниясы» АҚ және тағы басқа еңбек ұжымдарымен, білім, денсаулық, мәдениет, азаматтық қоғам және сауда-логистика сала­сы өкілдерімен кездесті. Алдағы науқанның мән-маңызын түсін­дір­­ді. Кездесулер барысында жер­гі­лікті азаматтар тарапынан ай­тыл­­ған ұсыныс-пікірлер жинақ­тал­д­ы. Одан бөлек, «AMANAT» пар­тия­сының мобильді қоғамдық қа­былдау тобы Қазалы ауданын­дағы Қожабақы, Бозкөл және Жаңа­қорған ауданындағы Сүтті­құдық, Бесарық елді мекендерінде көшпелі қабылдау өткізді. Төрт ауылда өткен көшпелі қабылдауға 50-ге жуық адам қатысып, олар өзде­рін толғантқан түрлі мәселені ортаға салды. Оның ішінде ауылі­шілік жол, балабақша, аяқсу, мал жайылымы, жұмысқа орналасу сияқ­ты жайттарды көтерді. Қа­был­дау барысында 20-ға жуық өті­ніш дереу шешімін тапса, қал­ған өтініштерді мобильді топ өкіл­дері партиялық бақылауға алды.