Ипотекалық бағдарламалар жалғасады
Ипотекалық бағдарламалар жалғасады
232
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанамен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жалғасатынын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, қазір «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банкте 500 миллиард теңге қосымша қаржы бар. Бағдарламалар қарастырылған қаражат толық игерілгенінше созылады. Сонымен қатар қазір ипотекалық несиелерді субсидиялау тетігі енгізіліп жатыр. Бұған дейін жүзеге асырылған «Нұрлы жер» бағдарламасындағы шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына қайта енгізілген. Осыған орай, жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларын «Отбасы банкі» арқылы одан әрмен жүзеге асыра береді.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ