Бастауыш партия ұйымдары қолдау білдірді
Бастауыш партия ұйымдары қолдау білдірді
150
оқылды
Қостанай қаласының Жастар сарайы ғимаратында «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Мұндағы басты мақсат – маусымның 5-і күні өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіру. Семинарда сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракция­сының мүшесі Әлия Сапарова жергілікті ха­лықтың референдум жайында ой-пікірі оң екенін жеткізді. «Жекелеген адамдар заңнаманың әр тармағы бойынша сауал қойып, ақпаратты мейлінше мол алып қалуға тырысуда. Олардың референдумға деген қызығушылығы үлкен. Халықпен әр кездесу ерекше әсерлі өтіп жатыр»,– деді депутат. Ал мәжілісмен Екатерина Смышляева конс­титуциялық өзгерістердің маңыздылығы­на мән бере келе: «Ауыл тұрғындары өзгеріс­терді құптайды. Мәселен, бұрын әкімдерді сайлау кезінде таңдау құқығы берілмейтін, әкімнің кандидатурасымен тек келісу-келіс­пеу мәселесі ғана қаралатын. Енді екі немесе одан да көп кандитатура ұсынатын болған­дықтан, таңдау әрине бар»,– дейді. Сондай-ақ семинарда Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Евгений Сотников, тағы басқа ресми тұлғалар сөз сөйлеп, ой­ын білдірді. Қазір Қостанай облысында 263 бас­тауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олар­дың құра­мында 1 700-ден астам пар­тия­лық топ құрыл­ған. Мәжілісмендер бас­тауыш партия ұйым­да­рына осы үлкен істі сәтті орындауда үлкен үміт артатынын жет­кізді. Олар да өз тарапынан жауап­кер­шілік ар­тып отырғанын түсініп, халық ара­сында сапалы ақпараттық жұмыс жүргізетінін айтты.