Turkystan.kz және Liter.kz сайттарына жаңа бас редактор тағайындалды
Turkystan.kz және Liter.kz сайттарына жаңа бас редактор тағайындалды
522
оқылды
Turkystan.kz және Liter.kz сайттарының бас редакторлары ауысты. Turkystan.kz сайтының бас редакторлығына Абылайхан Жұмашев, Liter.kz сайтының бас редакторлығына Алтынай Досмадиярова тағайындалды. Абылайхан Жасанұлы Жұмашев 1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында дүниеге келген. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның түлегі. 2012-2016 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология» факультетін, 2016-2018 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Лингвистика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Ол еңбек жолын 2016 жылы «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. Ұлт басылымында тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Alaman.kz, Aladop.kz, Iskernews.kz, InfoDK.kz сайттарында жұмыс істеген. Бұған дейін республикалық «Айқын» газетінде қызмет етті. Алтынай Есенбайқызы Досмадиярова 1994 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарды атқарды. Кейін Elorda.info ақпарат порталында корреспондент және бас редактордың орынбасары болды. 2022 жылдың наурыз айынан бастап Liter.kz сайтында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.