Ақмола облысында 37 жастағы әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды
Ақмола облысында 37 жастағы әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды
© newsroom.kz
171
оқылды
Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Қайғылы жағдай 23 мамырда болған.
«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді ведомство.
Бұған дейін Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті.