Бас прокуратура үтікпен азапталған белсендіге қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура үтікпен азапталған белсендіге қатысты мәлімдеме жасады
© vlast.kz
317
оқылды

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде Азамат Батырбаевқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану дерегі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Прокуратура мәліметінше, бұл ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген ведомство хабарламасында.
Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, Азамат 5 қаңтарда Талдықорғанда өткен наразылық акциясына шығып, митингтің өзге қатысушыларымен бірге қаланың басты көшелерінің бірінен Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қиратқан. Ер адам қамауға алынғаннан кейін құқық қорғаушылар оны соққыға жығып, аяусыз азаптаған. Азамат Батырбаевтың денесіне қыздырылған үтік басылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 ақпанда «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Назарбаевтың ескерткішін құлатқаны үшін қамауға алынып, арқасына үтік басылған адамға қатысты пікір білдірген болатын.