3 мыңнан аса отбасына тұрғын үйді жалға алудың жарты сомасы төленеді
3 мыңнан аса отбасына тұрғын үйді жалға алудың жарты сомасы төленеді
© sn.kz
150
оқылды
Биыл жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бойынша 3044 отбасының өтініші мақұлданды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтты, – деп хабарлайды inbusiness.kz. Басқарма төрайымы бұл бағдарламаға өтініш қабылданып жатқанын атап өтті.
"Бүгінде аралық нәтижелерді айтуға болады. Бағдарлама басталғаннан бері жалпы 13 758 өтініш түсті. Оның 6392-і ЖСН нөмірі бойынша... Қазіргі таңда 3044 өтініш мақұлданды. Бұл адамдар бастапқы және қайталама нарықта өздеріне баспана іздей алады. 3044 отбасы 1-2 аптадан кейін жалдау шарттарын жасауды бастайды. Біз олардың атына жалға берілетін үйдің төлем сомасының 50% аударамыз", – деді Ляззат Ибрагимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ол жалға берілетін пәтерлер көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасыларға берілетінін атап өтті.