Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды
305
оқылды
Әлуметтік желіде Алматы облысының тұрғындары жарылысқа ұқсас тарс еткен дыбыстарды естігендерін жазуда. Төтенше жағдайлар департаменті дыбыстың неден болғанын түсіндірді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Дыбыс аумақтың үстінен ұшып өткен әскери ұшақтан шыққан.
"Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес майдан авиациясының ұшқыштары биікте аса жылдамдықпен ұшу жаттығуларын орындап жатыр. Мұндай кезде ұшақтар кемінде 11 000 метр биіктікке көтеріледі. Барынша жылдамдыққа ұшу, ұшақпен дыбыстық тосқауылды еңсеру кезінде жерге тарсылдаған дыбыстар естілуі мүмкін", - делінген хабарламада.