Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны жарияланды
Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны жарияланды
163
оқылды
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте өзінің басты қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін өткізеді. Трилогия 17 қыркүйекте өтеді. Боксшылар екінші орта салмақта кездеседі деп болжануда. Мексикалық үшін бұл абсолютті чемпион атағын бірінші рет қорғауы болмақ.
"Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазды Головкин.
Matchroom Boxing төрағасы Эдди Хирнның айтуынша, жекпе-жек  Лас-Вегас қаласында өтеді.