Утильалым – 700 миллиард теңге
Утильалым – 700 миллиард теңге
237
оқылды
Биыл қазақстандықтардың кәдеге жарату төлемдерінен шамамен 700 миллиард теңге жиналуы мүмкін. Бұл туралы Экология министрі Серікқали Брекешев айтты. «Жасыл даму» өзінің инвестициялық саясаты негізінде жұмыс істейтінін тағы да айтқым келеді. Алдына ала болжам бойынша, биыл 690-700 миллиард теңге жинау жоспарланған. Кәдеге жарату төлемдері бойынша алынатын барлық сомадан шамамен 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтар мен автокомпоненттерді жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге жұмсалмақ. Істен шыққан автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын кәдеге жаратуға шамамен осындай қаражат кетеді», – деді министр. Естеріңізде болса, бұған дейін 23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алатыны хабарланған болатын.