Кезексіз пәтер алған шенеуніктер тексеріледі
Кезексіз пәтер алған шенеуніктер тексеріледі
187
оқылды
Шымкент қаласында «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының ережесін бұзып, баспаналы болған шенеуніктерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев та аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. «Аталған пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» облигациялық займдары есебінен салынды. Тұрғын үйлер баспана кезегінде тұрған азаматтарға арналған. Сол сияқты олар Отбасы банкінің салымшылары. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Істің мән-жайын толығырақ айта алмаймыз», – деді Ә.Нәлібаев. Оның айтуынша, бүгінде жергілікті әкімдік аталған мәселеге қатысты қосымша шара қабылданбақ.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ