Теміржолда апат жиіледі
Теміржолда апат жиіледі
214
оқылды
Жыл басынан бері ел аумағында теміржолда адам­дарды қағып кетудің 25 жағ­дайы тіркелген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ниязбек Жаңабаевтың мәліметінше, компания адамдардың жарақат алу жағдайлары жиі тіркелетін учаскелерін анықтағанын жеткізді. «Жарақаттанудың негізгі себебі ретінде зардап шеккен адамдар теміржол арқылы өту ережелерін елемейтінін атап өткен жөн. Жаяу жүргіншілер асығыстық танытып, музыка тыңдап, қауіпті учаскелер туралы ескерту белгілеріне мән бермейді. Осының салдарынан келе жатқан локомотивтердің ескерту дыбыстарын да естімейді. «Қазақстан темір жолы» пойыздардың қарқынды қозғалысы бар 18 учаскені анықтады. Онда адамдардың жарақаттану жағдайлары жиі тіркеледі. Осы орайда Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Семей, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінің стансалары мен аралықтарын атап өткен жөн», – деді Ниязбек Жаңабаев.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ