Қазақстанда үш мыңнан астам адамның пәтерақысын мемлекет төлеп береді
Қазақстанда үш мыңнан астам адамның пәтерақысын мемлекет төлеп береді
Фото: azh.kz
206
оқылды
Президенттің тапсырмасы бойынша 18 сәуірде басталған бағдарламаға 13 мыңнан астам өтініш түскен, – деп хабарлайды AstanaTV. Жалпы өтініштің 3 мыңнан астамы мақұлданған. Бір мыңнан астам тұрғынның өтініші кері қайтарылған. Жалпы елімізде баспана кезегінде 608 мың адам  тұр. Оның үштен бірі әлеуметтік осал топқа жатады. Отбасы банк төрайымы Ләззат Ибрагимова: «Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға 4 санат бойынша кезекте тұрғандар өтініш бере алады. Бірінші санат – 1-2 топтағы мүгедектер. Екіншісі – мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Үшінші – жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар. Төртінші – көпбалалы отбасылар. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс», – деді. Бұған дейін Алматы жастары бағдарламасының шарттары туралы жазған болатынбыз.