Көкшетауда мектепте жарылған муляжды оқушы қыз жасапты
Көкшетауда мектепте жарылған муляжды оқушы қыз жасапты
Фото: rus.postimees.ee
221
оқылды
Көкшетауда №2 орта мектепте ғимаратында табылып, полиция қызметкерлері жарған жарылғыш құрылғының муляжын мектеп оқушысы жасаған болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше №2 орта мектеп-лицейі ғимаратында сымдармен жалғанған темір құрылғының табылғаны туралы кеше кешкісін 17.50-де мектептің шаруашылық меңгерушісі хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы қызметтік иттер және жарылғыш заттар техниктерімен бірлесіп, мектептің аумағын түгел тексеріп шыққан. Полиция қызметкерлері 20 оқытушы мен техникалық персоналдың 10 қызметкерін эвакуациялаған. «Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында бекітілген әрекет алгоритміне сәйкес табылған құрылғыны барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жою туралы шешім қабылданған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері құрылғыны осы мектепте білім алатын оқушы қыз дайындағаны анықталды. Алдын ала белгілі болғанындай оқушы аталған мектепте оқығысы келмеуі себепті осындай іс жасаған болып шықты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Қазір аталған факт бойынша одан әрі тексеріс жүріп жатыр. Ювенальды полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған қызды профилактикалық есепке қою мәселесін шешуде.

Ақмола облысы