Қазақстанда студенттерге арналған қосымша грант түрі пайда болады
Қазақстанда студенттерге арналған қосымша грант түрі пайда болады
© azattyq-ruhy.kz
432
оқылды
«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев студенттер үшін білім беру гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасының таныстырды.
Қордың баспасөз қызметі мәлім еткендей, бағдарламаны білім саласының өкілдері мен жоғары оқу орындарының басшылары жақсы қабылдады. Сондай-ақ тұсаукесер барысында бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар айтылып, бірқатар сұрақ қойылды. Осы санаттағы қайырымдылық көмек көрсетудің іріктеу критерийлері, тетіктері мен әдістері жоғары оқу орындарының белсенді қатысуымен ҚР  Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірленетін болады Бағдарламаны 1 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қор қазақстандықтардан университеттерде оқу ақысын төлеу туралы көптеген өтініш түсетінін хабарлады.