Алматыда үш полицей Қазақстанға жұмыс істеуге келген шетелдіктерден алым алып отырған
Алматыда үш полицей Қазақстанға жұмыс істеуге келген шетелдіктерден алым алып отырған
Фото: polisia.kz
167
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің үш қызметкерінің жемқорлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР Көші-қон туралы Заңына сәйкес шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде еңбек етуге рұқсат рәсімдеу үшін полицияға есепке тұруға міндетті, мұны полиция қызметкерлері өз мүддесіне пайдаланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қазір ҚР ҚК 361-бабының 2-1-бөлігі "Құқық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.