13 өңірде ескерту жарияланды
13 өңірде ескерту жарияланды
© bugin.kz
164
оқылды
«Қазгидромет» РМК 26 мамырда ауа райының нашарлауына байланысты 13  өңірде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке артады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Күндіз желдің күші 25 м/с-ке жетеді. Күндіз Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке артады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 23 м/с-ке жетуі ықтимал. Қызылорда облысының орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с-ті құрайды. Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке артады. Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің орталығында және солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында – найзағай, бұршақ, дауыл, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанады. Желдің күші 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 36 градус қатты ыстық болуы ықтимал. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 25 м/с-ке артады. Маңғыстау облысында найзағай, тұман болжанады. Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.