Медиация бойынша ғылыми мектеп жұмысын бастады
Медиация бойынша ғылыми мектеп жұмысын бастады
918
оқылды
Еуразия ұлттық университетінде "Медиацияның жаңа трендтері: ғылым және практикада қолдану әлеуеті" халықаралық көктемгі ғылыми мектебі ашылды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби медиаторлар, саясаттанушылар,этномәдени орталықтардың мүшелері,оқытушылар мен студенттер қатысты.  width= Мектептің ашылуында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ерлан Абдақасов сөйледі.
"Медиация саласы жанжалдарды алдын алудың, дауларды шешудің қоғамдық-құқықтық құралдарының бірі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясына жақын. Біздің миссиямыз-жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайту. 2010 жылдан бастап ҚХА мен оның институттары еліміздегі медиация институтын ілгерілетіп, дамытуға ықпал етуде", - деді Ерлан Абдақасов өз сөзінде.
  Бүгінгі күні "медиацияның жаңа трендтері: ғылым және практикада қолдану әлеуеті" атты көктемгі ғылыми мектепте конкурстық негізде 39 адам білімдерін шыңдауда. Олардың 15-і дәстүрлі оқыту форматында, басқалары онлайн платформалардың көмегімен оқиды. Білім алушылар контингентін ҚХА оқытушылары, магистранттары, докторанттары, кафедра меңгерушілері, медиаторлар, ҚХА қоғамдық медиаторлары, меекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері құрайды. Медиация бойынша ғылыми мектеп 29 мамырға дейін жұмысын жалғастырады. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Мирас Қосыбаев жаңа Қазақстанды қалыптастыруда біртұтас мемлекеттік жүйе критерийлерінің бірі адам құқығы мен әділеттілік болып табылатынын атап өтті.
"ҚХА сессиясында Президент медиация және этномедиация тақырыбын қозғады.Көктемгі мектеп инновациялық білім беру бағдарламасының магистранттары үшін пайдалы болады. Болашақ кәсіби медиаторлар осы бағдарламаның түлектері болады деп есептеймін",-деді ол.
ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова қоғамдық медиация мен келіссөздер процесінің заманауи технологиялары тақырыбын қозғады. Ғалым медиация саласындағы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынды.  width= Мектептің бірінші күні кәсіби медиатор, "Келісім" халықаралық медиация және құқық орталығының директоры Рузанна Есентемирова, елордалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов сөз сөйледі. Баяндамашылар түрлі кейстерді мысалға келтіре отырып, этномедиацияның негіздері, медиацияның теориясы мен практикасы туралы айтып берді. Айта кету керек, ЕҰУ биыл ғылыми мектептерді өткізуге бастамашы болды. Әлеуметтік жоба түрлі тақырыптар бойынша 8 көктемгі және жазғы мектептерді өткізуді қарастырады. Келесі мектептер физика, халықаралық экологиялық құқық, сапаны басқару әдістері тақырыптары бойынша ұйымдастырылады. Мектепті білім алғандар сертификатқа ие болады.