«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАСТАР ҚАНАТЫ КОНСТИТУЦИЯҒА ЕНЕТІН ТҮЗЕТУЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА.
Бүгін елордада Жастар қанатының «Kenes Ortalygy» жобасы аясында субмәдениет жастары өкілдерімен кездесу өтті. Пікірталас алаңы аясында Республикалық партия штабының мүшесі, Жастар қанатының төрағасы Жетпісбаев Нұржан өткелі тұрған референдумның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
«Мен еліміздің әрбір жас азаматынан жалқаулық танытпай, енгізілетін түзетулермен танысып шығуларынсұрағым келеді. Себебі, сайлаушылардың негізгі бөлігі жастар. Біз қазір дауыс бере отырып, өзіміз өмір сүріп жатқан еліміздің болашағының іргетасын қалайтынымызды бәріміз түсінуіміз керек», - деп атап өтті Жетпісбаев Нұржан.Сондай-ақ, Жастар қанатының өкілдері жастардың тарапынан ерекше белсенділік танытылуда дейді. Республика бойынша «Kenes Ortalygy» аясындағы кездесулер Жас депутаттар корпусы мүшелерінің, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен өткізіледі. Бүгінгі таңда Жастар қанатының аймақтық филиалдары офлайн және онлайн форматта 100-ден астам кездесу өткізді. Бүгінгі кездесуде алдағы саяси іс-шараның тарихи маңызы туралы да көп айтылды.
«Бүгін мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы тыңдай отыра, 18 жасқа толған әрбір тұрғынға қатысты екенін түсіндім. Бұл сайлау мен үшін, жалпы айтқанда, барлық қатарластарым үшін алғашқы болмақ. Әрине, өзіңізге қажетті кейбір нәрселерді толығырақ зерттеп, содан кейін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасауыңыз керексіз»,- дейді «Astana IT University» 1 курс студенті Әділбек Бекешов.Сонымен қатар, кездесу барысында жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, Конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, елордада мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы, елордалық жастарды жұмыспен қамту мәселелері сынды тақырыптар талқыланды.