AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті
AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті
166
оқылды
Елордада AMANAT партиясы республикалық штабының мүшелері референдум өткізуді қолдау мақсатында Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті. Кездесуге AMANAT партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек пен партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов қатысты. Олар Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді. «Референдум – қоғамның жалпы көзқарасы мен пікірін білуге, саяси біліктілігін арттыруға және халықтың түйткілді мәселелерін қарастырып, оңтайлы шешім шығаруға арналған жүйе. Болашағымыз жарқын болсын десек, бәріміз бір ауыздан «Жаңа Қазақстанға» дауыс берейік», – деді Д.Кәрібек. Жиын еркін форматта өтіп, ақ халаттылар өз пікірлерін ортаға салып, референдумды қолдайтындарын жеткізді.