Қарағандыда полицейлердің бір топ адамды ұстау сәтінен видео тарады

Қарағандыда полицейлердің бір топ адамды ұстау сәтінен видео тарады

Қарағанды облысында көлік полицейлері ұзындығы 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адамды ұстады, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

"Сәуір айында бір топ адам арнайы техниканы пайдалана отырып, «Жезқазған-РЗД-1» станциясының аралығында ауыстырып төсеуге арналған жалпы ұзындығы 222 метр болатын рельсті ұрлаған. Сонымен қатар, 1600 метр темір жол төсемі зақымдалып, шығын сомасы 54 млн теңгеден асты", – дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
О.Бекеевтің айтуынша, осы жылдың 21 мамырында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды анықтап, ұстады. Департамент бастығы ұсталғандардан заттай дәлелдемелер алынғанын айтты. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, яғни аса ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ҚР ІІМ | МВД РК (@qriim_mvdrk)