Бір мыңнан астам онлайн несие қылмыстық жолмен алынған
Бір мыңнан астам онлайн несие қылмыстық жолмен алынған
© azattyq-ruhy.kz
160
оқылды
Интернет алаяқтардан сақ болыңыз. Соңғы 4 айда еліміз бойынша осындай 2 мыңнан астам дерек тіркелді, деп хабарлады «Хабар24».
Әсіресе, азаматтардың жеке мәліметтері арқылы есеп-шоттардан ақша ұрлау жағдайлары көп. Ал онлайн-қарыздарды рәсімдеу кезінде 1000-нан астам қылмыс жасалды. Бұған қоса ақшаны әр түрлі инвестиция немесе ставкамен көбейту сылтауымен 400-ге жуық адам алданған. Бұл жөнінде ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров мәлімдеді. Оның айтуынша, интернет алаяқтардың жолын кесу мақсатында арнайы бағдарлама қолға алынды. Оның аясында тәртіп сақшылары мемлекеттік мекемелер, екінші деңгейлі банктер және онлайн сауда операторларымен тығыз әріптестік орнатқан. Соның арқасында өткен жылмен салыстарғанда қылмыс көрсеткіші әлдейқайда төмендеді.