Павлодар облысында әкімнің ауыл тұрғындарына дөрекі сөйлеген сәті видеоға түсіп қалды
Павлодар облысында әкімнің ауыл тұрғындарына дөрекі сөйлеген сәті видеоға түсіп қалды
213
оқылды
Әдеп жөніндегі кеңес Павлодар облысы Ақсан ауылдық округінің әкіміне ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шенеуніктің ауыл тұрғындарына дөрекі сөйлеген сәтін куәгерлер видеоға түсіріп Instagram-да жариялады. Осы видеодан кейін әкімге қатысты тәртіптік іс қозғалды.
"Ауыл тұрғындарымен өткен жиында Кенжебек Дүйсенбаев тұрғындармен дөрекі сөйлескен. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Баянауыл ауданының әкіміне, аудан әкіміне Қ.Дүйсенбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы хат жолданды", - деді Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаменті.