Елордада баннер құлап, бала мен әйел зардап шекті
Елордада баннер құлап, бала мен әйел зардап шекті
Нұр-Сұлтанда қатты жел салдарынан алып баннер құлап, екі адам зардап шеккен. Qumash.kz telegram арнасында елорда тұрғындарының үстіне баннер құлағаны туралы ақпарат жарияланды. Оқиға Бейбітшілік пен келісім сарайы маңында болған. Күшті жел баннерді шамамен 15 метр жерге дейін ұшырған. астана Соның салдарынан елорда тұрғыны түрлі дене жарақатын алған. Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адам жарақат алған. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жеткен. астана
«Зардап шеккендер (1 ересек адам, 1 жасөспірім) түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық стационарларға жеткізілді. Оларға қабылдау бөлімі деңгейінде ауруханалардың бейінді мамандары бүкіл қажетті медициналық көмекті көрсетті», – делінген хабарламада.
Басқарма мәліметінше, зардап шеккен әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, жағдайы бірқалыпты.
«Науқас ауруханада толық сауыққанға дейін стационарлық ем қабылдайды. Жарақат алған жасөспірімді мамандар қарап шықты. Медициналық тексеру кезінде науқастың жағдайы орташа, асқыну болмады. Дәрігерлер толық тексеру жүргізді. Содан кейін сырқат амбулаториялық емдеуге жіберілді», – деді ведомстводағылар.