2 градус үсік жүреді: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
2 градус үсік жүреді: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
© inform.kz
141
оқылды
"Қазгидромет" РМК 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады, ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде. Қазақстанның батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температураның жоғарылауы күтіледі: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30-ға дейін, оңтүстігінде – 33, солтүстігінде – 23-28-ге дейін, орталығында-25-30-ға дейін", - делінген хабарламада.