Мәслихат хатшысын жауапқа тартқан 2 полицей ұсталды: Антикор мәлімдеме жасады
Мәслихат хатшысын жауапқа тартқан 2 полицей ұсталды: Антикор мәлімдеме жасады
© kaztag.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерінің ұсталуына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді. 
"Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұған дейін полиция қызметкерлері мәслихат хатшысын жауапқа тартқаны хабарланған болатын. Антикоррупциялық қызмет атынан аталған фактілер бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", – делінген хабарламада.