Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды
Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды
215
оқылды
Өскеменде «Восточник-3» бау-бақша серіктестігі ауданында әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 мамырда Өскемен қалалық ІІБ-не Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына «Восточник-3» ш/а ауданында Ертіс өзенінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді.
Ведомствода өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.