Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді
Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді
212
оқылды
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі. Қалалық ТЖД 28 мамырда бұршақ жауатынын ескертті. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ, көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді.