Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды
194
оқылды
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасаған азамат іздестіріліп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1990 жылы туған азамат қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасаған.
«Полиция департаменті ҚК 217-бабының 3-бөлігінде көзделген «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» қылмысын жасағаны үшін 1990 жылы 18 қаңтарда туған Ахметов Әлішер Қонысжанұлын іздестіруде», - делінген баспасөз хабарламасында.
Әлішер Ахметовтің тұратын жерін білетін азаматтар 102 телефонына немесе +7771-786-6666, +7776-546-6666, +7775-680-58-88 нөмірлеріне хабарласуларына болады.