Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды
Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды
262
оқылды
Мамырдың 26-нан 27-не қараған түні Талдықорған қаласындағы дәмханалардың бірінде жаппай төбелес болды. Әлеуметтік желіде тараған жазбада оншақты жігіттің кафедегі адамдар мен күзетшіні соққыға жыққаны айтылады. Олар қолдарындағы темірмен бір-бірін аяусыз ұрып жатыр. Төбелестің бейнежазбасы Instagram-дағы kris_p_tdk парақшасында жарияланды. Онда бірнеше ер адамның бір-біріне қол жұмсап жатқанын байқауға болады. Бейнежазба авторының айтуынша, дәмханадағы жігіттер сөзге келіп қалып, екінші тарап көмекке таныстарын шақырған. Олар дәмханаға баса-көктеп кіріп, күзетшіні және бірнеше демалушыны ұрып тастайды. Алған соққыдан күзетші жігіттің денсаулығына айтарлықтай зиян келген көрінеді.