Құрманғалиев турнирде топ жарды
Құрманғалиев турнирде топ жарды
245
оқылды
Қазақстандық жасөспірім спортшы Алан Құрманғалиев халықаралық аренада үстел теннисінен тағы бір медаль жеңіп алды. Ол Испанияда өтіп жатқан халық­аралық WTT Youth Contender тур­нирінде бақ сынаған болатын. Атал­ған додада Азия, Еуропа және Оңтүс­тік Американың спортшылары са­йыс­қа түсті. 15 жас санатындағы спортшылар арасында Алан Құр­манғалиев Давиде Лоренцо (Италия), Олег Стефанович (Польша), Тиаго Олхеро (Португалия), Куо Гуан-Хонг (Тайпей), Тамито Ватанабе (Жапо­ния), Тиаго Абиодана (Португалия) сынды атлетті ұтып, жүлделі екінші орынға ие болды.