«TALQYLAU»: бұл саяси қадамның маңызы зор
«TALQYLAU»: бұл саяси қадамның маңызы зор
© фото: Айтжан Мұрзанов
178
оқылды
«AMANAT» партиясы Ал­ма­ты қалалық филиалы жа­нындағы «TALQYLAU» қоғам­дық диалог алаңында «Ре­ферен­­дум халыққа не бе­ре­ді?» та­қы­рыбында жиын өтті. Жиылған топ 5 маусым күні өте­тін ре­ферендумды тал­қылады. Жиынға «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, қалалық мәслихат депутаты, журналист Қали Сәрсенбай, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынай Көбеева және бір топ қоғам белсенділері қатысты. Спикерлер алдағы өтетін жал­пыхалықтық референдумның ма­ңызы мен тарихи мәні зор еке­нін атап өтті. Сөз тізгінін алған Мейіржан Отыншиев Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты референдум бі­рінші рет өткізіліп отырғанын айтып өтті. «Өздеріңіз білесіздер, 1995 жы­лы референдум арқылы қа­был­данған Конституциямыз бо­йынша бұған дейін енгізілген түрлі өзгерістер тек Парламент де­путаттарының арасында да­уыс­қа салу арқылы қабылданып кел­ді. Ал осы жолы Президенттің бас­тамасымен өзгерістер енгізу мәселесі бірінші рет жалпы­ха­лықтық референдумға шығары­лып отыр. Сондықтан да бұл сая­си қадамның маңызы мен жа­уапкершілігі әрқайсымыз үшін де өте жоғары. Себебі бұл күні Ата Заңға енетін өзгерістерді халық өзі дауыс беру арқылы қабылд­ай­тын болады», – деді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық фи­лиа­лының атқарушы хатшысы. Алматы мәслихатының де­пу­таты Қали Сәрсенбай: «Мемлекет басшысының бастамасымен Жа­ңа Қазақстан құрамыз деп жа­тыр­мыз. Сол арқылы саяси, әлеум­ет­тік жағынан көптеген өзгеріс ен­гізуді алға қойып отырған жа­йы­мыз бар. Ол үшін соған сай заңда­рымыз да өзгеруі керек. Өзгерістің негізгі үш бағытына ерекше тоқ­талғым келеді. Біріншісі – супер­президенттік жүйеден мықты, ық­палды Парламенті бар жүйеге өту, екіншісі – жергілікті мәс­лихаттардың құзыретін кеңейту. Үшіншісі, Конституциялық сот жүйесін құру. Сонымен қатар Ата Заңға өзгеріс енгізуді референдум арқылы шешеміз деуіміздің өзі айтарлықтай жақсы өзгерістің басы деп санаймын», – деген пікір білдірді. Ал Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов қолданыстағы Конс­ти­туцияның 33 бабына референдум арқылы өзгеріс енетінін атап өтті. Мәжілісменнің пікірінше, Жаңа Қазақстан бастамасын іске асыру үшін осы баптарға енгізілетін әрбір өзгерту аса маңызды. Спикерлердің пікірінен кейін жиын соңы сұрақ-жауап алмасуға ұласты. Жиылған топ депутаттарға көкейде жүрген сан сауалын қойып, пікір алмасты.

Алматы