Отандық ақпараттық технологияны дамытуға не кедергі?
Отандық ақпараттық технологияны дамытуға не кедергі?
344
оқылды
«AMANAT» партиясының алаңында саяси ұйымның хат­шыс­ы Э.Жұмағазиевтің, Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Е.Смышляеваның, сондай-ақ жауапты мемлекеттік орган өкілдерінің, «Зерде» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы А.Әбдірә­сіловтың, «НИТ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Коняшкиннің қа­тысуымен IT саласын дамытуға қатысты жиын өтті. Аталған басқосудың осы фор­матта өткізілуіне ең алдымен еліміз­дің ІТ қауымдастығының өзі баста­ма­шы болды. Ақпараттық техно­ло­гияшылар бірқатар проблемалардың қордаланып қалғанын, оны саяси күші бар «AMANAT» партиясымен бірлесіп шешпесе болмайтынын ай­­тып, ұйымның ІТ саласына жауап­­ты Э.Жұмағазиевке шыққан екен. Қауымдастықтың бұл өтініші­нің жөні бар: Үкімет негізінен бірың­ғай партия мүшелерінен тұра­ды, Парламент депутаттарының дені, яғни 76-сы осы ұйымнан, сон­дықтан «AMANAT»-тың аталмыш мәселені шешуге күші мен жігері жетеді. Жиналысты өткізуші Элдар Жұмағазиев күн тәртібінде тұрған үш мәселені атап өтті. Олар: бәсе­ке­лестік нарықта бизнестің қаты­суын төмендету; импорт ал­мас­тыру және жергілікті әзірлеу­шілерге қолдау көрсету; жергілікті қызмет­тер мен өнімді экспортқа шығару. – Біз комитет құрамындағы 13 қауымдастық өкілдерімен бірігіп, кейінгі 3-4 жылда осы сала бойынша өзекті проблемаларды жинақтап, оның рейтингін жасадық. Бұдан бөлек, жақында нарыққа қатысу­шылар арасында оларды нақты қан­дай түйткілдер толғантып жүр­генін сұрап, сауалнама жүргіздік. Оған ІТ компаниялардың 220 бірінші басшылары қатысты. Соның нәтижесінде ең көкейкесті деген үш мәселені анықтадық, – деді «Атамекен» ҰКП жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы Болат Башеев. Біріншісі – мемлекеттік ком­паниялардың бизнеспен бәсе­ке­лестігі. Бұл жайт респонденттердің 58 пайызын алаңдатады екен. Мәселен, әр министрліктің, әр әкімдіктің жанынан ІТ құрылымдар ашылған. О баста олар өздеріне жүк­телген міндетті жүзеге асыру үшін қажетті мердігерлерді іздесті­ріп, жалдаумен айналысатын болды. Сондай-ақ олардың жұмысына ба­қылау жасайды. Кейін мемлекеттік ІТ-лердің қызмет аясы кеңейіп, олардың өздері де бағдарлама жа­сақ­тайтын болды. Сөйтіп бизнеспен бәсекеге түсе бастады. Қазір ІТ на­ры­ғының 35-40 пайызын мем­ле­кеттік тапсырыс құрайды. Бизнес қауымдастығы нарықта қалыптас­қан осы ахуалды өзгертіп, таза бә­секелестікті дамытуды көздейді. технология Бизнесті алаңдатып отырған екінші мәселе – деректер қорының ашықтығы. Сұрау салынғандардың 53 пайызы деректердің жабықтығын айтып шағымданған. Коммерция­лық сервистердің көпшілігі несие алу кезінде ақпараттардың жеткі­лікті болуын қалайды. Бұл негізінен мемлекеттік деректер қорында шо­ғыр­ланған. Ал оған жеке кәсіпкер­лердің қол жеткізуі оңай емес. Тіпті, кейбір мемлекеттік органдар қандай да бір ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартатын көрінеді. Мәселен, Смарт жобаны техникалық тұрғы­дан жүзеге асыру үшін 1-2 апта уа­қыт кететін болса, оның келісу мер­зімі кейде жарты жылға дейін созылып кетуі мүмкін. Үшінші проблема – жергілікті мазмұн. Мемлекеттік органдар са­тып алатын бағдарламалық қамту­дың 70-80 пайызы шетелдік жа­сақ­тамалар. Ал ол отандық өнімге қарағанда әлдеқайда қымбат, тіпті 30 есе қымбат тұруы ықтимал. Бұл бюд­жет қаржысын орынсыз шы­ғынға соқтыруда. Ал егер ақпарат­тық технологиялар нарығы шетел­дік өніммен емес, жергілікті ком­па­ниялармен жұмыс істесе, ол қазы­наның қалтасына да ауыр соқпайды әрі қосымша жұмыс орындарын ашуға септігін тигізер еді. Өкінішке қарай, «Атамекен» ҰКПЫ-ның оған ықпал етерлік заңды құзыреті жоқ. Парламент Мәжілісінің де­путаты, «AMANAT» партиясының мүшесі, жоғарғы заң шығарушы органда ІТ саласына жауапты Екатерина Смышляеваның айтуын­ша, цифрлық сала әлемдегі ең жаса бағыт болып саналады. Сол себепті заң шығару ісінде цифрлық сала мен ақпараттық технологияларға қатысты ескерілмей жатқан кем­шілік-кетіктер аз емес. Оның нақты моделі де қалыптаспаған. – Қазір бұл салада бүкіл әлем экс­перимент жасап жатыр. Әр мем­­­лекет өзінің цифрлық құқын қа­лыптастыруда. Ал ақпараттан­дыру мен байланысқа арналған бұрынғы заңдар моралдық тұр­ғыдан ескірген. Олар бүгінгі күннің сұра­нысына жауап бере алмайды. Алайда қалай дегенмен де бұл са­ланың болашағы үлкен. Сол себеп­ті біз ІТ саласын да­мыту үшін не­ғұрлым қолайлы болады-ау деген заңдарды дүниеге әкелуге тиіспіз. Қазір Мәжілісте цифрлан­дыруға қатысты заң жоба­сы қаралып жатыр,– деді депутат. Әлі күнге дейін ІТ сала­сының нормативтік-құқықтық ба­засы қа­лыптаспаған. Маман­дарды даяр­лау бойынша жоғары оқу орын­дары мен нарық арасында бай­ланыс орнатылмаған. Өмір тә­жірибесі көрсеткендей, көпшілік жағдайда оқу бітіріп келген түлек­терді жұмыс орнында қайтадан даярлауға тура келеді. Сол себепті ІТ саласы қауым­­дастығының Пар­ламентпен және Білім және ғылым министр­лі­гімен арадағы байланыс­ты кү­шейт­кен жөн. Ал «AMANAT» пар­тиясы жоғарыда көтерілген проб­леманың оңтайлы шешілуін өз бақылауына алатын болды.