Нұра мен Абайдағы жүздесу
Нұра мен Абайдағы жүздесу
227
оқылды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірді аралап, тұрғындармен диалог құруды жалғастырып жатыр. Бұл жолы ай­мақ басшысы Нұра, Абай аудандары мен Қарағанды қаласының жұртшылығымен кездесті. Тұрғын үй, су, абаттандыру, жайы­лым­дық жердің жетіспеу­шілігі – бұл мәселелерді Нұра ауданының тұрғындары облыс әкі­мімен кездесуде көтерді. Өңір басшысына нұралықтар электр энергия­сының тарифі жоғары еке­нін де айтып шағымданды. Же­ңіс Қасымбек бұл мә­селе жай­лы білетінін және оны шешудің мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Негізінде, ауданда электрмен жаб­­дықтау қызмет­те­рін бірнеше компания ұсына­ды. Тұтыну­шы­лар тобы үшін тариф­терді са­ра­лауға өтінім беру тапсырылды. Бұл қызмет құ­нын төмендетеді. Шұбаркөл кентінің тұрғын­да­ры көп­қабатты үйлердің шаты­рын жөндеу туралы өтініш біл­дірді. Олар­ға аталмыш мәселені шешуге «Шұбаркөл көмір» жүйе құраушы кәсіпорны жұмылды­рылатыны айтылды. Ал бюджет есебінен бұл кентте мектеп ғи­ма­ратының ша­ты­ры ауысты­ры­лады. Сон­дай-ақ жы­лыту жүйесін жөндеу жоспар­ла­нуда. Нұра ауданының әкімі Аян Шалма­ған­бетовтың айтуынша, әлеуметтік сала мен тұрғын-үй ком­муналдық шаруашы­лығы са­­ласында бірқатар жоба жүзеге асып жа­тыр. Нұра кенті мен Шах­терское ауылында жабық хоккей корттары пайда болады – ны­сандар құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Сонымен қатар орталық кі­­тапхана күрделі жөндеуден өте­ді. Сондай-ақ жеті ауылдық мә­дениет үйін жөндеу жоспарланған. Жанбөбек ауылында сумен жабдықтау желілері жаңарты­ла­ды, оларды қайта құру биыл аяқ­талады. Нұра ауданында төрт балалар алаңы абаттандырылады. – Бұл кездесу жаңа форматта өтуде. Тұр­ғындар өзекті мәселе­лер­ді айтты. Бір­қатар сұраққа бір­­ден жауап берілді. Қалған мә­селелер шешімін табады деп ой­лаймын, – деді «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп. Ал Қарағанды тұрғындарымен өткен кездесуде абаттандыру, ТКШ, жол мен кө­лік саласына қа­­тысты сауалдар қойылды. Со­ны­мен қатар облыс әкіміне өңірді бө­лу туралы, оның әлеуметтік мін­деттемелердің орындалуына қалай әсер ететіні туралы сұрақ қойылды. – «Қазақмыс» бас кеңселерін Жезқаз­ғанға ауыстырғаннан еш­қандай проблема болмайды. «Қа­зақмыс» пен «Арселор­Мит­тал Те­­міртау» бюджетке түсетін тү­сім­дердің басым бөлігін береді деп есептейтін адамдар кейде қа­те­леседі деп айтқым келеді. Тү­сім­дердің бұл компанияларға тиесілі үлесі 21 пайыз, ал 17 па­йызын ша­­ғын және орта бизнес береді. Бұл сектор жыл сайын да­мып ке­леді, бізде жақсы резерв бар. Әлеу­меттік бағдарламаларды жү­зеге асыруда ешқандай іркіліс бол­майды, – деді Жеңіс Қасымбек. Қарағанды шетіндегі аймақ­тардың тұрғындарынан көптеген сұрақ түсті. Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев биыл қала маңына кө­бірек көңіл бөлінетінін айтты. Май­құдықтағы саябақ абаттан­ды­рылады. Сұрыптауда Темір­жол­­шылардың мәдениет үйі жөн­деледі. Қарағандыда 26 аула­ны ретке келтіру, 11 футбол алаңы мен 62 балалар ойын алаңын орнату жоспарлануда. Тұрғындар тарапынан тасы­малдау­шыларға қатысты көпте­ген шағым бар. Жыл соңында Қа­рағандыда 100 жаңа авто­бус жолға шығуы тиіс. Облыс орталығы үшін үшінші жылу шы­ғару және газбен жаб­дықтау құрылысы стратегиялық маңызды болып қала береді. Майқұдықта жаңа мектеп пай­да бо­лады. Күнгей және Оң­түстік-Батыс ша­ғын аудан­да­рында үш мектеп салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Абай ауданында биыл 42 ша­қырым жолды жөндеуді жоспар­лап отыр. Кеншілердің өтініші бо­йын­ша Воль­ный ауылы арқылы «Абай» шахтасына бара­тын жол ретке келтірілмек. Сондай-ақ Абай қа­ла­сындағы Абай көшесін жөндеу жалғасады, тағы жетеуі орташа жөндеуден өтеді. Ақбастау ауылында екі көше­нің жол­дары жөнделеді. Сондай-ақ жыл сайын тасқын кезінде су шайып кететін Тас­заим­ка ауылына ба­ратын жолды қал­пына келтіру жұмыстары басталады. Ал Қоянды ауылындағы жол­ға су өт­кізгіш құбырлар орнаты­лып, жол жиек­терін нығайту жос­парлануда. Құрма ауылында «Ауыл – ел бесігі» ар­найы жобасы бойынша бұ­рынғы мек­тепті қайта жөндеу жұ­мыстары аяқталады. Жа­ңар­­тылған ғимаратта мәдениет үйі ашылады.

Қарағанды облысы