Алаяқтың қоңырауынан кейін 900 мың теңге несие алып, белгісіз адамның есепшотына салып жіберген
Алаяқтың қоңырауынан кейін 900 мың теңге несие алып, белгісіз адамның есепшотына салып жіберген
Интернет-алаяқтар қазір Ұлттық банк, Нұр-Сұлтан ПД, прокуратура қызметкерлері болып танысып, қазақстандықтарды алдап-соққан жағдайлар жиілеген. Мысалы Петропавл тұрғыны Максим Мұсаев банк менеджері болып танысқан алаяқтардың қоңырау шалуынан кейін 900 мың теңге несие алып, белгісіз адамдардың есепшотына салып жіберген. Мұны «Астана» телеарнасынан хабарлады. Петропавлдыққа қоңырау соққандар банк қызметкерлері қарыз қылып қойғысы келіп жатқанын ескертіпті. Сол үшін ер адамға банк бөлімшесіне барып, заңсыз операцияны жою үшін кредит алып, ал ақшаны айтылған есепшотқа аудару керегі айтылған. Азамат дәл осылай жасаған.
«Олар сенімді сөйледі. Барлық құжатты көрсетті, онда мөр де, түрлі орынбасарлар мен директорлардың қолы да қойылған. Сенбей қалу мүмкін емес еді. Олар Қылмыстық Кодекстің 423-бабын айтты, сондықтан мен сеніп қалдым. Қылмыстық кодексті қарадым, айтқандары дәл келді», - дейді жәбірленуші.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 319 интернет-алаяқтық тіркелген. Алданған әрбір бесінші адам банктің қауіпсіздік қызметінің жалған қызметкерлеріне сеніп қалған.
«Ең басты мәселе - интернет-алаяқтар қазір Ұлттық банк, Нұр-Сұлтан ПД, прокуратура қызметкерлері болып танысып жатады, сондықтан олардың интернет-алаяқтар екенін білу үшін дәл сол жерге қоңырау шалу қажет», - деп мәлімдеді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Жандос Мұхатов.