Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Lada.kz. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, "Монако" мекемесіне қарама-қарсы болған. Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.
"Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қорытындылады ведомство өкілі.