Оралда пойыз ер адамды қағып кетті
Оралда пойыз ер адамды қағып кетті
Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды. Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды.
«28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.