Елорда әкімі Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтады
Елорда әкімі Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтады
Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтады.
"Туған күніңіз құтты болсын, аға. Үлкен мерейлі жасқа, үлкен абыроймен, өз еңбегіңізбен жеттіңіз. Жас ұрпаққа үлгі көрсетіп тәрбиелеудесіз. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына көшкенде, білдей бір университетті басқарып, қаншама шәкірт тәрбиеледіңіз. Әліге дейін өзіңіздің ақыл-ойыңызбен, кеңесіңізбен қоғамға ойыңызды айтып жүресіз. Аман жүріңіз, мерейлі жастан жасқа жете беріңіз, еңбегіңізге рақмет!", – деп өз тілегін айтты Алтай Көлгінов.
https://www.youtube.com/watch?v=SwiBBgpCJDk Мырзатай Жолдасбеков – 1937 жылғы 27 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген, мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді.