Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті
Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті
344
оқылды
Бүгін республикалық маңызы бар Павлодар-Успенка-РФ тас жолында 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырда сағат 12.06-да Успен ауданының   Успен ауылының маңында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
- Павлодар – Успен – РФ республикалық маңызы бар автожолда ашық аумақта 2004 жылы шығарылған Krone ZZF18 маркалы  көліктің 20 шаршы метр алаңда  тіркемесі жанған. Тіркемеде шамамен 10 тонна пластик ыдыстарда өсімдік майы тиелген, - деді департаментте.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталуда.