Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері 10 өңірде дауылды ескерту жариялады.

29 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 29 мамыр түнде Алматы қаласында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

29-30 мамырда Іле Алатауы, Жетісу Алатауында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыс желі, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с, кей уақытта 24-29 м/с.

29 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

29 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 мамырда түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

29 мамырда Қостанай облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

29 мамырда Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 29 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

29 мамырда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысыңда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысыңда, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

29-30 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 29,30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: күндіз 30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.