Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
Париждегі «Стад де Франс» стадионында ағылшындық «Ливерпуль» мен испандық «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтті.
Бастапқы құрамдар төмендегідей болды: Ливерпуль: Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах Реал Мадрид: Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема.
Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты. Бұл матчта Реал Мадридтің қақпаға бірінші ресми соққысы болды. Испандық клуб өз рекордын жаңартып, тарихта 14-ші рет Еуропа кубогының басты турнирін жеңіп алды.