Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды
Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды
Тағы екі адам ауыр халде ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің барлығы 32 мен 67 жас аралығындағы ер адамдар. Аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген.
"Үшеуі үйінде қайтыс болды. Төртеуі Ертіс аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген, ол жерде тағы екеуі қайтыс болды. Екеуі өте ауыр жағдайда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бір зардап шегуші Павлодар қаласының № 3 қалалық ауруханасына орташа деңгейде жеткізілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ неден уланғаны белгісіз науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
“27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы  ер адам мен  1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ  бүгін, 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды”, - деді басқармада.
Полиция қаза тапқандардың барлығы Ертіс ауылының тұрғыны екенін және барлығы да белгісіз сұйықтықты тұтынғанын анықтады. Ыдыстар алынып, сұйықтықтың қалдықтары бойынша сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталатын болады.